
1 мамыр күні «Сыр шаңырағы» YouTube каналында және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің Facebook парақшалары арқылы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бейбітшілік балалар көзімен» атты балалар сурет салу байқауының қорытындысы жарияланады.