
Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне арналған концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен жеке әншілердің орындауында түрлі ұлттың әуендері орындалып, «Томирис» би ансамблі «Достық би» қойылымын ұсынады. Онлайн-концерт «Сыр шаңырағы» YouTube каналында және Қызылорда облыстық филармониясының Facebook парақшасында 1 мамыр күні сағат 11.00-де жарияланады.