Лого
Меню
Страницы

«Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі

«Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі

Сіздерді IT саласындағы инновациялық идеяларыңызды жүзеге асыру үшін «Inno.Fest» Qyzylorda фестиваліне шақырамыз.

Фестиваль Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өңірімізде ІТ саласына қызығушылықты арттыру, жобаларға қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 15-16 желтоқсан күндері өтеді.

«Inno.Fest» Qyzylorda – 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін («Ақпараттық технологиялар», «Контент және Медиа», «Кино және видео», «Smart Qyzylorda» бағыттары бойынша) инновациялық жобаларды жасауды мақсат ететін іс-шара.

Бұл фестивальге жаңа жоба жасауға идеясы бар, бірақ оны жүзеге асыруға ресурстары жеткіліксіз кез келген адам қатыса алады. Қатысушы өз жобасын іске асыру үшін команда жинау мүмкіндігіне ие болады. Фестиваль форматы бойынша бір тәулік ішінде (24 сағаттың ішінде) бүкіл команданың күш-жігерінің арқасында тек идея болған жоба шынымен жұмыс істейтін стартапқа айналады.

Фестиваль күндеріне дейін қала және облыстың барлық аудандарында жобаны насихаттау шаралары ұйымдастырылатын болады.

Іс-шараның басты ұйымдастырушылары: Қызылорда облысының Цифрлық технологиялар басқармасы мен «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ.

Жобаның серіктестері – «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры», «Astana Hub» халықаралық технопаркі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті», «Болашақ» университеті, IT Park, «Абзал және К» ТС, «Транстелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «JSoft» ЖШС, «Grand master» бағдарламалау мектебі» ЖШС, «Сыр Үміті» Жастар қауымдастығы, «Қазақстан ІТ-мамандары ассоциациясы», «Qosyl» жастар орталығы, «Maнсап» мектебі, «IT Space» ЖШС, «Digital innovation and transformation» ЖШС, «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС, «Kyzylorda Business Hub».

Толық ақпарат және фестивальге тіркелу https://innofest.kz. сайтында.

Социальные медиа
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты