
Хабарландыру: Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық бюджеттің №019 бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiнде 2021 жылға арналған конкурс өткізеді.
Конкурстық құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі н/з, № 212 кабинет.
Анықтама телефоны: 8 (7242) 60-54-50.
Конкурс құжаттарын қабылдау және конкурс өткізілетін мерзімі:
- конкурс құжаттарын қабылдау мерзімі 16.10.2021 ж. – 16.11.2021 ж. аралығында.
Конкурс құжаттарының Қағидасын https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda сайтынан немесе жоғарыда көрсетілген мекен-жайдан алуға болады.