Лого

Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2024 жылғы 8 желтоқсанда Қызылорда облысының 7 сайлау округінде (Қызылорда қаласындағы №19, Қармақшы ауданындағы №1 және №4, Жалағаш ауданындағы №12, Сырдария ауданындағы №11 және №12, Шиелі ауданындағы №3 бірмандаттық сайлау округтері) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 23 кандидаттан барлығы 1 кандидатты жеке өтініші негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 21 кандидатты тіркеді, 1 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 21 кандидаттың 4 саяси партиялар, 17 өзін-өзі ұсынған. Оның 16 ер адам, 5 әйел адам.
13 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 8 – партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 39.
19 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 17 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 4 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсан 00.00 сағатқа дейін созылады.

Қызылорда қаласы

Қармақшы ауданы

Жалағаш ауданы

Сырдария ауданы

Шиелі ауданы

Дата публикации
13 ноября 2024
Дата обновления
13 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
31 июля 2026
Қызылорда облысының әкімдігінің қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша ақпарат
Ақпарат
30 июля 2026
Қызылордада сайлаушылар онлайн платформа көмегімен өз учаскесін оңай таба алады
Ақпарат
28 июля 2026
Аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының сенім білдірілген адамдарына куәлік табыстады

Социальные медиа

Telegram
YouTube
Facebook
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері