Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

2024 жылғы 8 желтоқсанда Қызылорда облысы Қызылорда қаласындағы №19, Қармақшы ауданындағы №1 және №4, Жалағаш ауданындағы №12, Сырдария ауданындағы №11 және №12, Шиелі ауданындағы №3 бірмандаттық сайлау округтерінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өтетін сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау процесі барысында 23 кандидат ұсынылды. Оның 4-і саяси партиядан, 19-і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 18-і – ер, 5-і – әйел адам.
15 кандидат Қазақстан Республикасындағы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 8 кандидат партия қатарында жоқ.
Кандидаттардың орташа жасы - 39 жас.
20 кандидаттың жоғары білімі, 2-і – орта кәсіптік білімі және 1-і – орта білімі бар.
Кандидаттардың 17-і мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, 6-ы - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 17 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 13 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Қызылорда қаласы

Қармақшы ауданы

Жалағаш ауданы

Сырдария ауданы

Шиелі ауданы

Дата публикации
08 ноября 2024
Дата обновления
08 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
Қызылорда облысының әкімдігінің қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ақпарат
30 сентября 2026
Қызылорда қаласы
24 сентября 2026
«Қазақстан» АҚ «РТРК» Қызылорда облыстық филиалының «QYZYLORDA» телеарнасының эфирінде бейнематериалдарды өндіру және орналастыру қызметтерінің 2026 жылға арналған ПРАЙС-ПАРАҒЫ

Социальные медиа

Telegram
YouTube
Facebook
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері