Лого

Меню

Страницы

Статья

Выступление на праздничном мероприятии в честь 8 марта

Ардақты аналар!

Қадірлі қыз-келіншектер!

Сіздерді шұғылалы, шуақты көктеммен қатар келетін
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қай елдің болмасын бар байлығы – Халық. Ал халықтың тілекшісі – Ана! Осы киелі ұғымның құдіретіне барлық пенде бас иеді, әрбір азамат аяулы аналарға аса құрметпен қарап, кие тұтады.

ХІ ғасырда өмір сүрген әйгілі ғұлама Жүсіп Баласағұн «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды. Жақсы қасиет адамға ананың ақ сүтімен дариды» – депті.

Жаратылысы нәзік әрі сұлу, іштей күшті, қылықты, сезімтал, патриот, айналасын ақылымен гүлдендіріп отыратын күшке ие  ардақты аналарымыз аман болсын!

Әйел – баласымен әдемі, перзентімен ажарлы. Кемел әйелдің сөзінде даналық, рухында нәзіктік пен кіршіксіз тазалық, әрдайым өзіне құрмет тудыратын қасиет бар.

Әйел-Ананы жырламаған ақын кемде-кем. Мұқағали ақын «Әйел деген әдемі ғой, әдемі, әдемілік бізге көптік етпейді...» десе, Жүрсін Ерман «Қай жерде, мейлі, қай елде, әлемнің мәні – әйелде» деуі Ана тәңірге тән тәмсіл.

Түркі жұртына тән Асан қайғы желмаясына мініп жұртына жаннат жер іздегені жайлы аңыз баршаңызға белгілі. Сол жерұйық қазақ даласынан табылса, бұл ел мен жердің киесі, табиғаттың тұмса тартуы, ұрпақтың ұлылығы.

Асан қайғы сөз  төркінін әйелге теңейді. Себебі әйел – әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел – адамзаттың анасы. Әйел – тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел – отбасының өзегі. Әйел – шаңырақтың шамшырағы. Әйел – сұлулықтың символы.

Барша қазақтың ортақ мақтанышы, сұлулық пен ерліктің, ізеттілік пен өрліктің символына айналған Тұмар ханым, Құртқа, Ақжүніс, Қыз Жібектің ел басына күн түскен қиын кезеңдерде басын оққа байлаған Әлия, Мәншүк, Хиуаз, тереңөзектік Майра Қанатова, әлем халықтарының ең беделді, ең ержүрек медбике, дәрігерлеріне ғана берілетін «Флоренс Найтингейл» атындағы медаль иегері, лейтенант, жаңақорғандық Разия Ысқақова секілді батыр да батыл аруларымыздың, ерен еңбектің үлгісі – Сәлима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Балдырған Мұстафаева, Жадыра Таспамбетова, Зәкира Ержанова есімдері тарих төрінде алтын әріптермен жазылып қалды.

Бүгінде өңір халқының қарқынды көбейіп, бүгінде 833 мыңнан жетті. Оның ішінде әйелдердің саны – 415 243.

Бүгінде облысымызда 141 мыңнан аса отбасы бар. Оның ішінде 48 мыңнан астамы көпбалалы ана болса, 17 мыңға жуығы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері.

Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік өмірге, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Соған сай аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің 37,4 пайызы – әйелдер.

Медицина қызметкерлерінің 87 пайызын, педагогтардың 78,3 пайызын әйелдер құраса, бюджеттік салада 62 пайыз
қыз-келіншектер қызмет етеді.

Адамның даму индексі – елдердің әл-ауқаты, өмір сүру деңгейі, сауаттылығы, білімі, өмір сүру ұзақтығы секілді сипаттамаларына сәйкес жасалатын интегралды көрсеткіш.

Өткен жылы өңірімізде «Анаға тағзым» орталығының құрылысы басталып, биыл мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Орталықта аналарға арналған түрлі бағыттағы оқулар, психологиялық көмектер, балаларға арналған үйірмелер және осы бағыттағы отбасы мен аналардың жағдайын көтеруге арналған шаралар атқарылатын болады.

Сонымен қатар, өңірімізде Неке сарайының, Өнер орталығының, Қан орталығының  да құрылысы жүріп жатыр.

Жыл ішінде 19 жаңа балабақша ашылды. 2022 жыл  «Балалар жылы» аясында демеушілер есебінен қала және аудандарда құны 1,6 млрд. теңгеге 80 спорт-ойын алаңы салынды.

Қызылорда қаласында көпбалалы және аз қамтылған
100 отбасыға пәтер кілті табысталды. Сол жағалаудан «Оқушылар сарайын» салуды қолға алдық. Бұл жасалып жатқан жұмыстарымыздың тек бір бөлігі ғана.

Осының барлығы, облыс халқының тұрмыс сапасын жақсартуға және қолайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді.

Мемлекеттік басшысының Жарлығы және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қай кезде де ашықтық қағидатын ұстанамыз.

Қоғамдық қабылдау кезінде өзім 600-ге жуық тұрғынды қабылдадым. Әсіресе, әйел тағдырына қатысты мәселені шұғыл шешуге тырысып келемін.

Иә, барлық уақытта халқымыз өзіне ең қымбат ұғымдарды – Отан мен Жер, ТілдіАна атымен байланыстырған. Өйткені, тіршіліктің нәрі де, мәні де – Ана

Мерейлі мерекеде Сіздерге және отбасылараңызға бақыт, бақ-береке тілеймін!

Дата публикации
13 апреля 2023
Дата обновления
13 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Информация
29 апреля 2025
Информация акимата Кызылординской области о реализации принятых законодательных актов по состоянию на 29 апреля 2025 года
23 апреля 2025
Сельские округа Мергенсай, Беларан, Каракум
23 апреля 2025
Сельский округ Акай

Социальные медиа

Telegram
Facebook
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации