Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қызылорда облысының №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 ақпандағы шешімімен:
1. Кузбаков Аралбай Молдашович, 1961 жылы туған, «Жак-Нур» ЖШС директоры. Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
2. Дүйсенбек Баян Сабырқызы, 1993 жылы туған, «Ару-Ана» сүт өңдеу кәсіпорнының меңгерушісі, Шиелі ауданында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
3. Шахаров Ажнияз Иманзадаевич, 1976 жылы туған, «Халықаралық құқық қорғау орталығы», «Халықаралық медиация орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің кәсіби медиаторы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
4. Дауренбеков Нурбек Сагатович, 1979 жылы туған. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, "Жас Алаш" газетінің тілшісі, Қызылорда қаласында тұрады, "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігімен ұсынылған.
5. Каржаубаев Нуркен Мешитбаевич, 1964 жылы туған, "PEAP" ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігімен ұсынылған.
6. Жайымбетов Мархабат Жайымбетович, 1965 жылы туған, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласында тұрады. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігімен ұсынылған.
7. Туребаев Мухит Муратбекович, 1980 жылы туған, «СК және Монтаж-строй» ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
8. Пазилов Сабит Бексейтович, 1975 жылы туған, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 17 ақпандағы шешімімен:
9. Кыдырбаев Аралбай Жаксылыкович, 1967 жылы туған, "Алматы мәдени тұрмыс құрылыс" АҚ филиалы КСМК-2 филиалының директоры, Алматы қаласында тұрады. «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» Ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен ұсынылған.

округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 18 ақпандағы шешімімен:

10. Амреев Галым Махмутбаевич, 1970 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабының 4-3 – тармағының 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың кандидатты тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 18 ақпандағы шешімімен Амангельды Серикбаевич Жамадиловты, Нурлан Сеилханович Шаухамановты, Жорабек Акимбекович Прмановты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.

Дата публикации
18 февраля 2023
Дата обновления
18 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
05 декабря 2025
Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия
Ақпарат
05 декабря 2025
Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия
Ақпарат
04 декабря 2025
«2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасының» жобасы

Социальные медиа

Telegram
YouTube
Facebook
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты