Инвестициялық жобалар бойынша
Облыста алдағы бесжылдықта құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 8370 жұмыс орны ашылатын 77 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған. Биыл құны 31,6 млрд.теңгенің 411 жұмыс орны ашылатын 21 жобасын іске қосу жоспарлануда. Оның бүгінгі күні 19 жобасы (35,8 млрд.теңге) іске қосылып, 389 жұмыс орны ашылды. Өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі - құны 20 млрд.теңгені құрайтын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін асфальтбетон өндірісі, күріш зауыты, жерасты паркингі бар автосалон мен автошеберхананың іске қосылуы жоспарланған.
Одан бөлек, түркиялық «Aksa Energy» компаниясының құны 215 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Аймақтың шикізаттық әлеуетін ескере отырып, шыны зауытының айналасында шыны кластерін құру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, «Айна Гласс» ЖШС құны 1,5 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы жылына 720 мың шаршы метр айна өндіру және «Комфорт-1КЗ» ЖШС құны 5,5 млрд.теңгені құрайтын қуаттылығы 22,6 мың шаршы метр шыны өндіру жобалары. Қазіргі таңда бұл жобаларға тиісті жер бөлініп, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.
Сонымен қатар, корейлік «With You E&C» компаниясымен құны 36 млн. АҚШ долл. құрайтын «Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату зауытын салу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба инвестициялық деп айқындалып 4 га жер телімі 15 жылға жалға беру арқылы табысталды. Қаржыландыру мәселесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы пысықталуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бірыңғай индустрияландыру картасына бірқатар өнеркәсіптік-инновациялық жобалар енгізілді:
- «Комфорт-1KZ» ЖШС-нің «Шыңдалған шыны және шыны өңдеу зауыты өндірісін кеңейту» жобасы;
- «Дезинфекция» ЖШС-нің «Қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу» жобасы;
- «Марал-Нұр» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «Цифрлық депо» жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенінің құрылысы» жобасы;
- «Qaratay Fruits» ШҚ-ның «Көкөніс, жеміс-жидек сақтау, алма шырынын селекциялау және өңдеу бойынша кешенін салу».
Сондай-ақ, Картаға енгізуге келесі жобаларды Штабта қарау үшін жолданды.
«Қармақшы-Құс» ЖШС-нің «Қуаттылығы 10 мың тонналық қоймасы бар жем зауытының құрылысы»;
«Жанакорган Щебень» ЖШС-нің «Бетон зауыты»;
«КЗ Сапа Бетон» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында бетон өндірісі зауытын кеңейту»;