2025 жылғы 26 қазанда Қызылорда облысында №21, №8 сайлау округтеріндегі (Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы) мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өтетін сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау процесі барысында 7 кандидат ұсынылды. Оның 3-і саяси партиядан, 4-і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 5-і – ер, 2-і – әйел адам.
5 кандидат Қазақстан Республикасындағы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 2 кандидат партия қатарында жоқ.
Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында этнос өкілі жоқ.
7 кандидаттың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 5-і мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, 2-і - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 4 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.