Лого

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
k.nurtay@korda.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі
Общая информация, образование

Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-механик», Д.А. Қонаев атындағы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Карьера

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик,  2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін заңтану мамандықтарын тәмәмдап, 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы болған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі (А корпусы). 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

2021-2022 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарған.

2022 жылдың 2 наурызынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

Марапаттар:

«Ерен еңбегі үшін» медалі 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен 

«Құрмет» Ордені 

 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

 

 

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары