Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы 1966 жылы Қызылорда облысында туған.
Алматы халық шаруашылық институтын және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Ауыл шаруашылығын жоспарлау», «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жамбыл кеңшарының экономисі ретінде бастап, мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке секторларда басшылық лауазымдарда жауапты қызметтерді атқарған.
2008-2011 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы.
2011-2014 жылдары Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі.
2014-2017 жылдары Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - аппарат басшысы.
2017-2021 Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Қазалы және Сырдария аудандарының әкімі.
2023-2026 жылдары ҚР Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырым депутаты болды.
2026 жылдың 8 мамырынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» (2011 ж.) және «Парасат» (2025 ж.) ордендерімен марапатталған.