Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы 1972 жылы туған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «тарих», «экономика», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №239 мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2001-2016 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы.
2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2022-2023 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы.
2023-2024 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазалы ауданы әкімі қызметін атқарып келді.
2025 жылдың 28 шілдесінен бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.