«СТУДЕНТТІК ҚАЛҚАН» шығармашылық конкурсының үздіктері марапатталды

«СТУДЕНТТІК ҚАЛҚАН» шығармашылық конкурсының үздіктері марапатталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының бастамасына сәйкес облыста жастар арасында «Студенттік қалқан» шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты студент жастар арасында экстремистік және террористік діни идеологияға қарсы имунитет қалыптастыру, жастардың теріс идеолгияға қарсы берік азаматтық ұстанымын жариялау және жастарды радикалды идеологияға қарсы шараларға кеңінен тарту  болып табылады.

Байқауға облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының 13 студенті қатысып, өз туындыларын ұсынды. Қатысушылардың туындылары тақырыптың өзектілігі мен мазмұнның сапасы және қатысушылардың шығармашылық ізденісі мен идеяның берілу ерекшелігі бойынша бағаланды. Осы критерийлерге сәйкес бағалау нәтижесімен 8 қатысушының бейнематериалы үздік деп бағаланып, оның ішінде 3 қатысушы конкурс жеңімпаздары болып танылды.

Байқау қорытындысымен І орынды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект қолданылып, тақырыпты тереңінен, әрі мазмұнды аша білген
А. Аманбаева, ІІ орынды шығармашылық көзқарасы мен креативті шешімдері үшін Г. Жақсыбаева және ІІІ орынды тақырыптың маңыздылығын жан-жақты көрсетіп, мазмұнды жасаған А. Мирамбекқызы иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйақылар табысталды және үздік деп танылған қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.