
Қызылорда қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде қызмет еткен сарбаздарды салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті.
Әскер қатарында шыңдалып, ел сенімін ақтаған 20 азамат туған жеріне абыроймен оралды. Әскери қызметтің беделін арттыру және жастарға қолдау көрсету мақсатында ҚР Қорғаныс министрінің шешімімен ерекше көзге түскен 3 сарбазға жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант табысталды.
Бұл - әскердегі мінсіз қызмет пен темірдей тәртіптің жемісі.
Қорғаныс министрінің грантын иеленген жерлестеріміз:
Бұл бастама - қазіргі таңда әскери қызметтің жастар болашағы үшін үлкен әлеуметтік сатыға айналғанының айқын дәлелі. Отан алдындағы борышын өтеу тек міндет емес, сонымен бірге жоғары білім алуға ашылған үлкен мүмкіндік!
Сонымен қатар барлық мерзімді әскери қызметшілер Отан алдындағы борышын адал атқарып, жоғары жауапкершілік пен табандылық танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында қызмет ететін жас сарбаздардың бойындағы патриоттық рух пен отансүйгіштік қасиет алдағы уақытта да нығая беретініне сеніміміз мол.