«Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

«Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қауіпі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/.../lost-iphone-dont.../, https://itc.ua/.../moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev.../) ақпаратына сәйкес зиянкестер адамдарға Аpple атынан жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік сілтемені қоса жалғай отырып жолдайды, осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.
Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы пайдаланушы Аpple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Аpple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін береді.
Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:
- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;
- жоғалған құрылғының (ұялы телефон) құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электронды поштаның мекенжайын пайдалануды;
- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.