Ағымдағы жылдың 7 қазан күні "Жастар ресурстық орталығында" мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Шараға қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметкерлері және департамент ардагерлерінің төрағасы М. Ршауов әскерге аттанушы жастарға және ата - аналарға әскери өмірдің мән-жайларын түсіндіріп өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Н. Сейтов пен Мемлекеттік Күзет қызметінің өкілі М. Досымбек жас сарбаздарға ақ жол тіледі. Салтанатты рәсімге жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Олар сарбаздарға Отан алдындағы борыштарын адал, абыройлы атқаруды тіледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерінің Астана қаласындағы әскери бөліміне Қызылорда облысынан 16 азамат Отан алдындағы борышын өтеуге жіберілді.