Қарттарын ардақтаған елдің мерейі қашан да үстем!

Қарттарын ардақтаған елдің мерейі қашан да үстем!
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мен Басқармаға қарасты Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы ұжымы Бүгінгі «1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен» ардагерлерімізді шын жүректен құттықтап, алғысына бөленіп қайтты.
Қазақ халқы қашанда қарттарын қазынаға балаған.
Ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі жас ұрпақ үшін баға жетпес байлық, сарқылмас қазына. Қарттарға құрмет көрсету – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі дәстүрі.
Ардагер ағаларымыз бен апайларымызға Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Қарттарын ардақтаған елдің мерейі қашан да үстем!