Бүгін облыстық мәслихаттың, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті. Комиссия жұмысына комиссия мүшелері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы М. Құрманбаев атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, комиссияның қаулысы қабылданды.