
Бүгін облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мен басқармаға қарамағындағы жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығының қызметкерлерiмен семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесте басқарма басшысы Марат Құрманбаев жиынның мақсатын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдептілік нормаларын сақтау қатаң талап екенін жеткізді.

Жиында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларына жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында лудоманияның алдын алу мақсатында ойын мекемелеріне барудан бас тарту, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу туралы түсіндірме берілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және оларға теңестірілген адамдар «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды», - деді Б.Әбдіқадыр.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың қатысуына тыйым салынған.

Сәйкесінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) алып келеді.

Семинар-кеңесте мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.