Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары туралы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары туралы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары туралы

 2021жылы облыс аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан «қолайсыз» аймақ болып 113 елді мекен анықталды (Арал ауданы - 26, Қазалы - 12, Қармақшы - 11, Жалағаш - 13, Сырдария - 6, Шиелі - 16, Жаңақорған - 19, Қызылорда қаласы - 10).

Аталған 113 елді мекендегі 567 318 мал басына, көлемі 2 352 450 м2 құрайтын 33 385 қора мен суат-шаңлаққа 2021 жылғы 23 тамыздан бастап күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүруде.

Осыған сәйкес, тиісті сала қызметкерлерімен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Арал, Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандары бойынша залалсыздандыру жұмыстарының барысымен танысу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, елді мекен тұрғындарына залалсыздандыру жұмыстары басталар алдында мал қораларын механикалық тазаланған жағдайдадезинфекция жұмыстарының тиімді және сапалы болатындығы жөнінде үгіт-насихат шаралары өткізілді.

Жалпы қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстары Қазалы ауданында толықтай аяқталса, ал Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында және Қызылорда қаласында жұмыстар жалғасуда.

Алдағы уақытта Шиелі және Жаңақорған аудандарында бұл жұмыстар өз жалғасын табады.