Жұмыс тобы кен өндіруші компаниялар басшыларымен кездесті

Жұмыс тобы кен өндіруші компаниялар басшыларымен кездесті

18.11.2020 ж. облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының жұмыс тобы облыстық индустрия және инновациялық даму басқармасымен бірлесіп облыс аумағында мұнай өндіруші компаниялардың басшыларымен діни экстремизм және терроризм профилактикасын ұйымдастыру мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында республикалық Терроризмге қарсы орталықтың жабық инфрақұрылымдары бар вахталық қалалардағы ағымдағы діни жағдайларын қарау туралы хаттамалық шешімін жүзеге асыру аясында вахталық қалашықтарда тиісті ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарын жүргізу, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы туралы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мәселелері талқыланды.

Жұмыс тобының құрамында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы – облыстық терроризмге қарсы комиссия аппараты, терроризмге қарсы орталық,  ішкі саясат басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері қатысты және өз құзырлары аясында сұрақтарға жауап беріп, тиісті ақпараттар ұсынды.