Әділет министрлігінде жұмыс тобының отырысы өтті

Әділет министрлігінде жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ү.ж. 20 және 27 ақпанында, сондай-ақ 6 наурызында «Ағылшын және Еуропа құқығының қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының (бұдан әрі - заң жобасы) отырыстарын өткізді.
Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастықтар және ғылыми-сараптамалық қауымдастықтар, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
Заң жобасы бойынша жұмыс кездесулерінің отырыстарында ағылшын және еуропалық құқықтың қағидалары мен ережелерінен жасалған жаңа шарттық құрылымдар, жауапкершілік және шығындарды өндіріп алу, диспозитивтілік қағидатын күшейту және кәсіпкерлік шарттарын жақсарту мәселелері қаралды.
Талқылау барысында мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ «Евразийская Группа» ЖШС, «Болашақ «консалтингтік тобы», «Теңізшевройл», «Sayat Zholshy&Partners», «Deloitte», «Dentons» компаниялары өкілдерінің ұсыныстары мен ұсынымдары қаралды.
Жұмыс тобының келесі отырысын ағымдағы жылдың 13 наурызында сағат 15-00-де өткізу жоспарлануда.