Жер бетінің сапасы

Жер бетінің сапасы

Жер қабатының құнарлығы экожүйенің сақталуының кепілі екендігі белгілі және оны пайдаланудан кейінгі жарамсыздығы адам, жан-жануар және өсімдік әлеміне орасан зиянын келтіреді.

Жаңадан қабылданған ҚР Экологиялық кодексінің 229-бабына сәйкес топырақ сапасының экологиялық нормативтері химиялық көрсеткіштер үшін топырақтағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы түрінде белгіленеді.

Топырақтағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы деп осы Кодекске сәйкес ластағыш деп танылған химиялық заттың ең көп көлемі (массасы) түсініледі, одан асып кеткен кезде топырақ жер пайдаланудың бір немесе бірнеше түрі үшін жарамсыз болып, табиғи орта құрамдастарының тозуын туғызады немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығы мен биоәртүрлілікті бұзады.

Топырақ сапасының нормативтері аумақтардың табиғи ерекшеліктері және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленген жер санаттары ескеріле отырып әзірленеді және белгіленеді.

Заттың топырақта табиғи фондық қамтылуы – топырақтың табиғи (әдеттегі) құрамына сәйкес келетін заттың топырақта қамтылуы.

Егер топырақ сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жылдық кезең ішіндегі ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде топырақ сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын топырақ сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілеуге міндетті екендігі айқындалған.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы