24.02.2021 жылы облыстық жер комиссиясының кезекті отырысы өтті

24.02.2021 жылы облыстық жер комиссиясының кезекті отырысы өтті

24.02.2021 жылы облыстық жер қатынастары басқармасының ұйымдастыруымен Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғ. Қарабаев облыстық жер комиссиясының кезекті отырысын өткізді. Комиссия отырысында 3-мәселе қаралды, олар:

1. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өтініші.

Қызылорда облысы Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандары аумағынан қорғаныс мұқтажы үшін (шекара бекеттері, ату алаңдары және тікұшақ алаңдары үшін) жалпы көлемі 1058,75 гектар жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығымен табыстау.

ҚР Жер кодексінің 16-бабы 1-тармағы 10-4) тармақшасының талаптарына сәйкес қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру және алып қою облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретінде.

 

2. «ҚОР» МК» АҚ-ның өтініші.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Ащысай» кенішінен №289 мұнай ұңғымасына автожол үшін және №289, №290 мұнай ұңғымалары және БГ-29-ға электр желісі үшін жалпы көлемі 0,197 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 15.01.2028 жылға дейінгі мерзімге табыстау.

Сұратылып отырған жер учаскелері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Ащысай» кенішінен көмірсутегін барлау мен өндіру жөніндегі Құзырлы орган мен «ҚОР» Мұнай компаниясы» акционерлік қоғамының арасында 15.01.1998 жылғы № 161 келісім шартымен (Контракт) 30 жылға, яғни 15.01.2028 жылға дейінгі мерзімге жасалған.

 

3. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның өтініші.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Қызылқия» кенішінен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен №540 мұнай ұңғымасын жайластыру үшін нысаналы мақсатынан «Қызылқия» кенішінен көмірсутегі шикізатын өндіру үшін нысаналы мақсатына ауыстыру.

Аталған жер учаскесі Қызылорда облысы әкімдігінің 14.04.2020 жылғы №19 қаулысымен 24.06.2025 жылға дейінгі мерзімге №540 мұнай ұңғымасын жайластыру үшін табысталған.

Өтініштері негізінде комиссия мүшелеріне оң қорытынды жобалары ұсынылып, өтініштері бойынша комиссия отырысында жан-жақты қаралып, комиссия мүшелері тарапынан бір ауыздан қолдау тауып, оң қорытынды қабылданды.