10.02.2021 жылы облыстық жер комиссиясының кезекті отырысы өтті

10.02.2021  жылы облыстық жер комиссиясының кезекті отырысы өтті

10.02.2021 жылы облыстық жер қатынастары басқармасының ұйымдастыруымен Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғ. Қарабаев облыстық жер комиссиясының кезекті отырысын өткізді. Комиссия отырысында 2-мәселе қаралды, олар:

 

1. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның өтініші.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы, «Құмкөл-Қызылқия» автожолының 22 шақырымынан №15 карьерден құмды-қиыршық тас өндіру және оған кірме жолы үшін жалпы көлемі 6,0 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 11.01.2029 жылға дейінгі мерзімге табыстау.

Сұратылып отырған жер учаскесі Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 11.01.2021 жылғы №11 лицензиясымен құмды-қиыршық тас өндіруге рұқсат берілген.

 

2. «РУ-6» ЖШС-нің өтініші.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Оңтүстік Қарамұрын» кенішінен трансформаторлық подстанция үшін жалпы көлемі 0,3928 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табыстау.

Құзырлы орган мен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының арасындағы 27.11.1996 жылғы № 76 келісім шартымен және аталған келісім шартқа №9 толықтырумен Жаңақорған ауданы «Оңтүстік қарамұрын» кенішінен уран өндіру жұмыстарын жүргізуге 25 (жиырма бес) жыл мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 қарашасына дейін рұқсат берілген.

Өтініштері негізінде комиссия мүшелеріне оң қорытынды жобалары ұсынылып, өтініштері бойынша комиссия отырысында жан-жақты қаралып, комиссия мүшелері тарапынан бір ауыздан қолдау тауып, оң қорытынды қабылданды.