2020 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар

2020 жыл бойынша жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар

Облыстың ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты
Қызылорда облысының әкімшілік аумағы 24,1 млн. га, бұл республика аумағының 8,3 % құрайды.

Оның ауыл шаруашылығына пайдаланып отырғаны 2,8 млн. га немесе жалпы жер қорының 11,6 пайызы. Осы жерлерді (2,8 млн га) пайдаланып отырған тұлғалардың саны - 5745, оның ішінде шаруа қожалығы - 5240, заңды тұлғалар – 505.


Елді мекен шекараларының бекітілуі
Қызылорда облысының елді мекендерінің шекараларын белгілеуге арналған жол картасы бойынша 146 елді мекен жоспарланды. Негізгі жұмыстар аяқталды, осы жылдары 138 елді мекеннің шекараларын белгілеу жүргізілді 5 елді мекен жол картасынан шығарылды және 2020 жылға 3 (Сұлутөбе, 1 мамыр, Бірлестік) елді мекеннің шекарасын белгілеу жұмыстарының жерге орналастыру жобасы әзірленіп, Шиелі аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылды.


Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгерту мәселесі
Қызылорда қаласының шекараларын анықтау және бекіту, бағалау аймақтарға бөлу және түзету коэффициенттерін бекіту жұмыстарын жүргізуге 35,6 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Бұл жұмыстар 2021 жылы атқарылады.


Жерлерді айналымға алу
2020 жылға облыс бойынша 60 мың га жерлерді қосымша ауыл шаруашылығы айналымына алу жоспарланды.
2020 жылдың басынан бері 66,3 мың га (Арал а., 8,3 мың га, Қазалы а. 11,8 мың га, Қармақшы а. 7,3 мың га, Жалағаш а. 5,1 мың га, Сырдария а. 0,4 мың га, Шиелі а. 9,6 мың га, Жаңақорған а. 16,7 мың га, Қызылорда қаласы 7,1 мың.га) жерлер табысталды (268 учаске), (жоспар 110,5 пайызға орындалды).


Кәсіпкерлік мақсатта жерлерді айналымға алу
2019 жылы облыс бойынша 45 аукцион өткізілді, нәтижесімен көлемі 144 га құрайтын 268 учаске сатылып, 148,2 млн. теңге бюджетке түсірілді.
2020 жылы облыс бойынша 30 аукцион өткізілді, нәтижесімен көлемі 104,9 га құрайтын 220 учаске сатылып, 159,2 млн. теңге бюджетке түсірілді.


Жайылымды басқару мен пайдалану
Бекітілген нормативтерге сәйкес (ҚР АШМ 24.04.2017 жылғы №172 бұйрығы) тұрғындардың жайылымға шығарылатын жеке мал басына 4699,9 мың гектар жайылым қажеттілігі ескеріліп әрбір ауылдық округ бойынша бекітілді.


Жерлерді зерттеу-іздестіру туралы
«Жер қатынастарын реттеуді жетілдірудің 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарымен жердің сапалық жай күйіне зерттеулер жер кадастры бағдарламасы негізінде республикалық бюджет есебінен жүргізіліп отыр.

2019 жылы жалпы облыста 2250 мың га жерге топырақ зерттеу, балл бонитетін анықтау және геоботаникалық зерттеулер жүргізілді.

Онда 1250 мың га жерлерге топырақ зерттеу, балл бонитетін анықтау және мониторингтеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 450,0 мың га жерде топырақ зерттеу (Қазалы – 400 мың га, Арал -50 мың га), 300,0 мың га жерде бонитет балын анықтау (Қармақшы – 300,0 мың га), 500,0 мың га жерде мониторингтеу (Жалағаш – 200,0 мың га, Сырдария – 300,0 мың га) шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2019 жылы 1,0 млн. га жерлерге геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Соңғы зерттеулер 1990-1998 жылдары жүргізілген.

Оның ішінде: Шиелі ауданы 640,4 мың га және Сырдария ауданы 359,6 мың га.
Геоботаникалық іздестірулер республикалық бюджет есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы қаласындағы филиалы-агрохимиялық топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаментімен атқарылуда.

Өз кезегінде, әкімдікпен ҚР АШМ бірнеше қайтара ұсыныстар жолданып (27.11.2019 жылғы №05/1-6/7187, 11.11.2019 жылғы №01-9/1786 хаттары) 2021 жылғы жоспарына 1,0 млн. га іздестіру жасау келісілді.

2021 жылға геоботаникалық іздестірулерді Жаңақорған (430,9 га), Қармақшы (769,1 га) (барлығы 1,2 млн га) аудандарында жүргізу жоспарлануда.

 

Суландырылған жайылымдар мен суландыру қондырғылары туралы (құдықтар)
Облыс бойынша 6,9 млн. га жерлерді суландыратын 2488 (956 шеген құдық, 1291 ұңғыма құдық, 186 апан құдық, 53 бұлақ, 1 қолдан су құятын ақпана, 1 өзен көлдер) су көздері анықталды. Оның 1203 (368 шеген құдықтар, 640 ұңғыма құдық, 141 апан құдықтар, 53 бұлақтар, 1 өзен көлдер) пайдалануға жарамды болса, 1285 (588 шеген құдық, 651 ұңғыма құдық, 45 апан құдық, 1 қолдан су құятын ақпана) жөндеуді қажет етеді. Бүгінгі күні босалқы жер қорында орналасқан жалпы жарамды 452 су көзінің құжаттарын рәсімдеуге облыстық бюджеттен 27,8 млн. теңге бөлуді сұрап қызметтік хат жолданды.


Жеке тұрғын үй құрылысы
Бүгінгі күні облыста 99678 азамат кезекте тұр, оның басым көпшілігі Қызылорда қаласының үлесінде – 60661 (60,9 пайызы). 2014-2019 жылдары барлығы 10741 учаске берілсе, оның ішінде 2018 жылы - 1179 жер учаскесі, 2019 жылы 1383 жер учаскесі, ал 20.12.2020 жылғы жағдай бойынша 1469 жер учаскесі табысталды.


Инвестициялық жобалар
Жалпы үйлестіру кеңесінің шешімімен инвестициялық жобалар үшін 36 жер пайдаланушыға жалпы көлемі 7614,0 гектар жер учаскелері табысталды.


Электрондық карталарды қалыптастыруға қатысты
Цифрландыруға сәйкес өңірдің барлық ауыл шаруашылығы тауарөндіруші шаруашылықтардың егіс алқаптары АШМ министрлігінің QOLDAU веб-порталына мерзімінен бұрын енгізілді. Облыста 180,8 мың га жерлердің электронды картасын жасау жоспарласа 199,9 мың гектар веб-порталға енгізіліп тапсырма 110,6 пайыз орындалды.
Осы тәжірибе қорытындысымен бүгінгі күнге табысталған көлемі 2,1 млн. гектар ауыл шаруашылығы алқаптардың электрондық карталарын әзірлеу жүруде (жайылымдық 1924 мың га, шабындық 37,0 мың га, көп жылдық екпелер 0,6 мың га). Қазіргі күнге, 1,67 млн. га жерге, яғни 78,9 пайызға орындалды.


Жер қатынастары саласын цифрландыру
Жалпы облыста цифрландыру бағытында «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» құру жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қаласында және оған іргелес кент, ауылдық округтер мен аудан орталықтарының жер учаскелерінің АИС (автоматтандырылған ақпараттар жүйесі) бағдарламасы мен нақты жағдайға түгендеу жұмыстарын жүргізуге 109,1 млн. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, 2021 жылы бөлінетін болып келісілді. Тиісті жұмыстар 2021 жылы атқарылады.

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 2020 жылдың басынан бері басқарма тарапынан 75 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 49;
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1;
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша – 5,
сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 16;
елді мекен шегінде обьектілер құрылысы үшін жер учаскесін беру -4.

2021 жылға негізгі міндеттер:
1) ҚР заңнамаларымен белгіленген функционалдық міндеттерін жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде жер учаскелерін табыстауға байланысты шараларды жүргізу;
2) Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жерді сауда-саттық жолымен айналымға алу, сауда-саттықтарды ұйымдастыру;
3) Елді мекендердің перспективалық дамуы, құрылыс жүргізу жоспарларына сәйкес олардың шекараларын белгілеу жұмыстарын үйлестіру, жүргізу;
4) Жер қойнауын пайдаланушыларға жер телімдерін табыстауда ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымнан шығып қалуынан туындайтын шығындардың мемлекетке өтелуін қамтамасыз ету.
5) Геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүргізілетін жерлердің құжаттарын дайындау, ұйымдастыру мен қадағалау;
6) Елді мекендердегі мал басына қажетті жайылымдықтарды анықтау, оларды белгілеу мен мал жайылымына қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүргізу;
7) Елді мекен шекараларын бекіту жұмыстарының аяқталуын үйлестіру;
8) Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) белгілеу, бағалық салықтық аймақтарға бөлу мен оларға қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту жұмыстарын жүргізу.
9) Облыстағы кенттер, ауылдық округтеріндегі жер учаскелеріне ревизиялауды қоса алғанда есеп жүргізуді ұйымдастыру мен қадағалау.