Коронавирус инфекциясымен 10 науқас тіркелді

Коронавирус инфекциясымен 10 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында 10 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Індет жұқтырғандардың 8-і Қызылорда қаласынан, қалған 2 Қазалы мен Қармақшы аудандарынан.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас, инфекциялық стационарда 24 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 8 ақпаны күні облыс зертханаларына 1 374 адам сынама тапсырып, 231 сынама бойынша мамандар тексеру жұмыстарын аяқтаған. Зертханалар қорында 22 776 қалдық тест бар.