Комиссияның күн тәртібінде:
1. «Аудандық білім бөлімінің 02.04.2025 жылғы №04-6/169 санды ұсынысын талқылау» - Аудандық білім бөлімінің бас маманы Салтанат Алдабекова хабарлама жасады.
2. «Жаз мезгілінде кәмелетке толмағандардың су айдындарындағы қауіпсіздігі туралы» - Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев хабарлама жасады.
3. «2025 жылғы жаз маусымдағы балаларды сауықтыру ұйымдарының санитариялық - эпидемиологиялық жағдайы, дайындық барысы және жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» - Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шынар Айдарова хабарлама жасады.