ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
25-27 сәуір күндері аралығында Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде Қазақстан Республикасының спорт шебері Садықов Мейрамбекті еске алуға арналған қазақ күресінен 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир өткізілді.
Игі шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Сондай - ақ, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Құрмет және Парасат орденінің иегері, Қызылорда облыстық маслихат депутаты Садық Мұстафа, ұлағатты ұстаз, Мейрамбек ағамыздың бауыры Ермағанбет Құлымбет әділ белдесулер және жарқын жеңістер тіледі.
Республикалық турнирге 7 облыс, 2 қала және аудандарынан 17 команда 350 спортшы қатысты.