«Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік – 90 жыл» атты ғылыми-танымдық экспедицияның кезекті сапары Жаңақорған ауданында өтті.
Экспедиция мүшелері Жаңақорған ауданындағы “Руханият орталығында” орналасқан аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп, орталықтың жұмысымен және музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысты. Тарихпен тұтасып жатқан бай мұралар жайлы мазмұнды экскурсия ұйымдастырылды.
Зейнолла Сәніктің рухани мұрасын насихаттау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл сапар – болашақ ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, этнографиялық білімін тереңдетуге үлкен үлес қосары сөзсіз.