КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

ҚР-ның «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес 13 сәуір күні Жаңақорған кенті, Екпінді, Қосүйеңкі, Өзгент, Аққорған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіліп, тұрғындар өз таңдауын жасады.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активінің қатысуымен аудан әкімі Мажит Самитов жаңадан сайланған кент және ауылдық округ әкімдерін құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Мұнан соң аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өмірбек Жұмабекұлы Ильясов ресми түрде әкім куәлігін табыс етті.

Айта кетейік, Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде басым дауыс алған Жаңақорған кентінің әкімі Жасұлан Асанұлы Бейсенбеков, Екпінді ауылдық округінің әкімі Қайрат Тұрсынұлы Қожамжаров, Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Әлімхан Сағынбайұлы Ахтаев, Өзгент ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Асанұлы Жакудаев, Аққорған ауылдық округінің әкімі Серік Сәрсенбайұлы Туғанбаев сайланды.