ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
«Құрмет» орденінің иегері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен жастар арасында Республикалық турнирдің, волейболдан және шағын - футболдан облыстық ашық турнир салтанатты түрде ашылды.
«Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған спорттық жарыстарды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы ашып берді.
Қазақ күресінен жастар арасындағы Республикалық турнирге Астана, Шымкент қалалары, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау облысынан барлығы 153 балуан қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша төмендегі балуандар жеңімпаз атанды.
55 кг салмақ дәрежесі бойынша 1 орын Миразатов Айбатыр (Ұлттық ат спорты орталығы) иеленсе, II орын Ержігітов Мейіржан (Қызылорда облысы), III орын Болатбаев Ерасыл (Ақтөбе )және Серікбай Жамбылбек (Жамбыл облысы) жеңімпазы атанды.
60 кг салмақта 1 орын Исаханов Нұрхат (Жамбыл облысы), II орын Әлиев Мұхтар (Шымкент қаласы), III орынды Накенов Ислам және Мамлянов Ансар (Павлодар облысы) жеңімпаз атанды.
66 кг салмақта 1 орын Оразбаев Бағдаттың еншісінде болса, II орын Ғалымжан Бекжан (Ұлттық ат спорты орталығы), III орын Ерсайын Жанат (Астана қаласы) пен Ахметбеков Ерасылға (Түркістан облысы) бұйырды.
72 кг салмақта Бағдаулет Ерасыл (Жамбыл облысы) жеңімпаз атанса, II орынды Дүйсебай Бектөре (Шымкент қаласы), III орынды Сабыр Қайсар (Жамбыл облысы) және Жұмақожа Мирас (Астана қаласы) жеңіп алды.
78 кг салмақта Рысмахан Темірлан (Жамбыл облысы) жеңімпаз атанса, II орын Бектұрсын Абылай, III орынды Әбдукәрім Нұрдаулет және Әлімби Әли иемденді.
84 кг салмақта Шымкенттік Шайхслам Бауыржан жеңімпаз атанса, II орынды Салхан Сапарғали (Шымкент қаласы) III орынды Кемелбек Сабырбек және Кәрім Асылжан (Түркістан облысы) жеңіп алды.
90 кг салмақта Жамбыл облысының балуаны Нұғман Бейбарыс жеңімпаз атанса, II орын Бейсенбай Мұхамеджан (Қызылорда қаласы), III орын Мұхит Диархан (Ақтөбе облысы) және Тұрсынбек Ақылжанға (Шымкент қаласы) бұйырды.
100 кг салмақта астаналық Сламшайықов Мейржан жеңімпаз атанса, II орын Жамбыл Нұрболат (Шымкент қаласы), III орын Наурызбай Бейсенбек (Маңғыстау облысы) және Жанболатұлы Ернар жеңіп алды.
+100 кг салмақ жеңімпазы астаналық Халхабаев Жасұлан атанды. II орын қызылордалық Сұлтан Бейбарыс бұйырса, III орынды Әбдісамитұлы Сардар (Түркістан қаласы) мен шымкенттік Базарбай Олжас өзара бөлісті.
Ал түйе палуандар додасында жамбылдық Нұғман Бейбарыс жеңімпаз атанса, II және III орын қызылордалық Сұлтан Бейбарыс пен шымкенттік Тұрсынбек Ақылжанға бұйырды.
Барлық жеңімпаз, жүлдегер спортшылар демеушілердің арнайы тағайындалған медаль, кубок және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кетейік, "Құрмет" орденінің иегері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен жастар арасында Республикалық турнир 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.