ҚР Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев арнайы Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында халық қалаулылары аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек және "Amanat" партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитовпен бірге ауданда жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс жұмыстарымен танысты, жергілікті мәслихат депутаттармен кездесті. «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасымен кәсібін бастаған жас кәсіпкердің жұмысымен танысып, кәсіпорын иесінің ұсыныстарын тыңдады.
Алдымен, Жаңақорған кенті орталығындағы 200 орындық оқушылар үйі, 50 орындық өнер мектебі және Жаңарық ауылдық округіндегі 300 орындық Жайлы мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Одан әрі, "Amanat" партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудандық мәслихат депутаттары және кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныс - пікірлерін тыңдады.
Халық қалаулылары «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасымен
4 млн.теңге несие алып, ашылған жылыжай кешенімен танысты. Бұл жылыжай бүгінде қызанақ пен қияр егуді қолға алған. Кешен толық тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған.