ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Жаңақорған ауданының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.
Акция барысында Жаңақорған кентіндегі әлеуметтік маңызы бар көпірлер аумағын тазалау, әктеп сырлау жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев, Жаңақорған қызмет тазалық мекемесінің директоры Қайрат Нәлібаев тұрғындарды туған жерімізді бірге көркейтуге шақырды.