ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің қатысуымен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету іс-шарасы өтті.
Жиынға Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушы ардагерлер, аудандық, кенттік ардагерлер кеңесінің төрағалары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары жиынның алғы сөзінде Тәжік-Ауған шебінде бітімгершілік мінддеттерін адал атқарып, көрсеткен айбынды ерліктері үшін алғысын жеткізіп, бірқатар жауынгер ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.
Одан соң, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов пен ел ағасы Изатулла Нарзилдаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.