ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" ЧЕЛЛЕНДЖІН ҚОЛДАЙДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" ЧЕЛЛЕНДЖІН ҚОЛДАЙДЫ
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл күні қазақстандықтар ұлттық киім үлгісі арқылы ел бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.
Осыған орай, жаңақорғандықтар ұлттық киім үлгісімен республикалық челленджге қолдау көрсетіп, мерекенің құндылығын арттырды. Қызылды-жасылды, ою-өрнекті бешпент киген қыз-келіншектер, зерлі шапан киген ер-азаматтарымыз дәстүрді жаңғыртты.