ЖАҢАҚОРҒАНДА ШАҢЫРАҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ШАҢЫРАҚ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
 
 Жаңақорған ауданының орталағындағы «Шаңырақ» аллеясында «Ұлттық мереке -ұрпаққа өнеге» атты мәдени - көпшілік іс-шара өтті.Айтулы күні халқымыздың отбасылық құндылықтары мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі ұлықталды. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдардан дайындалған арнайы дәм мен қолөнер шеберлерінің түрлі бұйымдары ұсынылды.
Шарада ақ жаулықты әжелеріміз диірмен тартып, келі түйіп, ұршық иірсе, бүлдіршіндер ұлттық ойындар ойнап мәре-сәре болды. Жиналған жұртшылық бесікке салу, тұсаукесер рәсіміне куә болды. 
Меркелік шара одан әрі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.