Мамандықтар әлемін ашамыз

Мамандықтар әлемін ашамыз
Аудандық білім бөлімі басшысы Бекжан Шахизатұлы «Мамандықтар әлемін ашамыз»тақырыбындағы республикалық форумының облыстық кезеңінде жүлделі оралған шәкірттер мен оларға жетекшілік жасаған шығармашыл ұстаздарды жеке құттықтап, алғысын жеткізді.
2024 жылдың 12 наурызы күні Қызылорда қаласында «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Ыбырай ұлттық мектебінде облыстық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты –өзінің өмір жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру, кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту, кәсіби білім алуда шығармашылық қабілетті дамыту, білім алушылардың түрлі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға және жұмыспен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
Байқау барысында ауданымыздан "Менің кәсібім - менің бизнесім" бизнес жобалар номинациясы бойынша № 56 орта мектебінің 10 сынып оқушысы А.Зұлхарнай, жетекшісі: Г.Оспан "Мен мамандықты... таңдаймын" номинациясы бойынша №169 Н.Илялетдтнов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы А. Тұрғанбек, жетекшісі: А. Ромашева, "Жас мобилограф" номинациясы бойынша №286 тірек мектебінің 9 сынып оқушысы Г. Изатулла , жетекшісі: Х.Дошан. 3 оқушымыз да жүлделі 2- орындарды иеленді.
Шәкірттерімізге, Ұстаздарымызға алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, алар асуларыңыз тек биік болуын тілейміз-деп бөлім басшысы тілегін білдірді