8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әлемнің сыйы – әйелге!» атты мерекелік салтанатты шара өтті.
Шара барысында аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов «Сіздерді ауданымыздың ер азаматтары атынан мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздердің құрметтеріңіз үшін арнайы ұйымдастырылған салтанатты шара мерейлі мереке лебін сезіндіріп, көңілге көктем, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды деген сенімдемін. Қоғам мен елімізідің дамуына үлесін қосып жүрген, берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып отырған баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.» дей келе, арулар қауымының қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тоқталды.
Сонымен қатар еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, денсаулық саласының ардагерлері, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар нәзікжандар облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, аналарға арналған аудан әкімінің ықылас гүлі табысталды.
Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, аяулы жандарға әсем әндерін арнады.