Жыл сайын дәстүрге айналған қазан айының үшінші жексенбісі жалпы орман және жануарлар дүниесін қорғаушылар мерекесі аталып өтілетін. Атаулы күн барша табиғат байлықтарын қорғап, оларды өсіру мен көбейтуге еселі еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің құрметіне арналады. Сонымен қатар биыл “Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” коммуналдық мекемесінің құрылғанына 65 жыл толды. Қос тойы қабат келген мереке иелеріне арнайы кеш ұйымдастырылып, мерейлерін үстем етті.
Аудандық мекеменің іргетасы 1958 жылдың 15 қазанында қаланып, содан бері табиғат байлығына қамқорлық жасап, қорын молайтуға табан тіреп еңбек етіп келеді. Қаншама білікті мамандары бүгінде құрметті зейнет төрінде, олардың ізінен ерген жас буын қажырлы қызметте жүр. Сондықтан бұл мереке осы салада адал еңбек етіп жүрген қызметкерлерге деген құрметтің белгісі.
Төл мерекеге арналған кеш жоғары деңгейде өрбіді...