Бесарықта өткен айтыс

Бесарықта өткен айтыс

Бесарық клуб үйінде Жаңақорған ауданының 95 жылдығы, халық ақыны Манап Көкеновтің туғанына 95 жыл және «Жаңақорған тынысы» газетінің 90 жылдығына орай мәдениет қызметкерлерінің арасында «Манап салған ізбенен» атты ерекше айтыс, әдемі сөз, алапат жыр додасы болып өтті.

   Айтысқа 8 үміткер қатысты. Өнер саласының майталмандары үлкен аламанда бір емес, үш бірдей тақырыпты – Жаңақорған ауданының 95 жылдығы, Манап ақынның 95 жылдық мерейтойы және төл газетіміз «Жаңақорған тынысының» 90 жылдық торқалы тойына жырдан шашу шашты. Айтысқа шыққандар Манап ақынның тұлғалық болмыс-бітімін, рухын ұлықтаумен бірге, туған жердің тарихынан сыр шертіп, одан әрі аудан айнасы – «Жаңақорған тынысы» газетінің 90 жыл бойы елдің сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, мұңын мұңдап келе жатқан төл басылым екенін жүректерге жеткізе айтты.

Айтысты Манап Көкеновтың ұлы Убайдулла Манапов пен аудандық мәдениет саласының қызметкері Тоқтар Әжімұратов жүргізді. Ақындардың өнеріне ҚР Мәдениет саласының үздігі Уәли Ибрагимов пен Жайылма ауылдық клуб үйінің директоры Нұрлан Жапеков қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтады.