Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Елімізде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері аталып келеді.
Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер ауданымыздың, Сыр елінің әлеуметтік - экономикалық жағдайын одан әрі жақсаруы мен мәдени - рухани кемелденуі мақсатында халықты өрелі өнермен сусындатып, игі дәстүрлерді жалғастыра отырып үлкен үлес қосып келесіздер.
Мәдениет — ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым. Себебі әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт - дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды.
Аталған салада біздің Жаңақорған ауданы бойынша 3 мәдениет үйі, 26 ауылдық клуб, 36 кітапхана, 1 тарихи өлкетану музейі, 3 мәдени - демалыс кешендері, 9 халықтық өнер ұжымдары халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Онда 130-ден астам қызметкер, 6 мәдениет саласының үздігі, 1 ҚР мәдениет қайраткері төсбелгісімен марапатталған жерлестеріміз бар. Ауданымызда өткізілетін қоғамдық - саяси, мәдени - рухани көпшілік шаралардың барлығы құрметті мәдениет саласының қызметкерлері сіздердің араласуларыңызсыз өтпейтіндігі белгілі.
Қашанда ауданымыздың абыройын асқақтатып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, биік белестерде талмай қызмет
ете берулеріңізге тілектеспін!
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметпен,
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов