«Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығына сәйкес «Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Лауазымдық міндеттері: мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді; шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады; қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады; ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.
Білуі тиіс: Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
6) Сотты болмағаны туралы анықтама;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін. Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі (кәсіби біліктілігін арттырған жайлы ғылыми атағы және дәрежесін алғаны туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсыныстардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқа көшірмелері) туралы қосымша ақпарат ұсына алады. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын конкурс өткізу жөнінде аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен бастап 15 күннің ішінде өткізуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес мәніне бағалаулардың нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды. Ұйым үш жұмыс күннің ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды, оларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді.
Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберілмейтін себебі туралы хабарландырылады.
Үміткерлермен әңгімелесу мына мекен-жайда жүргізіледі: индекс 120300 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті Манап Көкенов көшесі №4, аудандық мәдениет үйі. тел: (872435) 22-3-32, 22-5-66, 21-6-90. Аталмыш басшылыққа орналасқан адам үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурстық комиссия