Аудан әкімінің Жаңа жыл-2023 мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімінің Жаңа жыл-2023 мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Жаңа 2023 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қай халықтың да аса зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.

2022 жыл біздің ауданымыз үшін ауыз толтырып айтарлықтай табысты, жемісті, мерейлі жыл болды. Әрине, 2023 жылға да жүйелі жоспарлар құрып отырмыз, оларды ел игілігі жолында іске асыруға ерік - жігеріміз бен қажыр - қайратымыз толық жетеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұндай абыройлы жұмыстарды атқаруға Сіздердің де қомақты үлес қосатындарыңызға кәміл сенімдімін. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2023 жыл еліміз үшін мол табыстар мен жетістіктерге толы жағымды жыл болғай!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық пен мол жақсылықтар ала келсін.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!