Елге қуаныш сыйлаған жарқын жобалар

Елге қуаныш сыйлаған жарқын жобалар

25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында ауданымызда бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға беріліп, елді қуанышқа бөлеуде. Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті Жаңа Қазақстанды құру идеясы аясында ауқымды шаралар атқарылуда. Аймақ басшысының тікелей бастамасымен және демеушілердің қолдауымен Балалар жылына орай облысымызда 80 ойын алаңының 10 ойын алаңы Жаңақорған ауданында салынуда. Онан бөлек, кентімізді көркейту - абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Сондай - ақ, жерлесіміз, белгілі меценат М.Искаковтың қаржылай демеушілігімен кент орталығынан жаңа демалыс саябағы ашылып, пайдалануға берілді.

Анадайдан көз тартып, "мен мұндалап" тұрған алып Құмсағат бой көтеріп, Республика күніне орай Жастар аллеясы ашылды.

Қазақстан Республикасы күні - Ұлттық мерекесі құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болғай!