Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мерзімінің аяқталуы. (270.00)

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мерзімінің аяқталуы. (270.00)

Қазақстан Республикасы 2017 жылдың  25 желтоқсанындағы № 120-VI "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) Кодексінің 630 бабына сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылғы 1 қаңтарға мынадай:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.

Салық кодексінің 633 бабына сәйкес,     кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.

Сонымен қатар, осы кодекстің 635-бабы бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері:

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларация:

1) қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

2) электрондық түрде тапсырылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.

Жоғарыда көрсетілген заңдылыққа сәйкес, мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімінің аяқталуын хабарлайды.

Жаңақорған ауданы бойынша МКБ