«Жаңақорған тынысы» басылымына бас редакторы мен орынбасары тағайындалды

«Жаңақорған тынысы» басылымына бас редакторы мен орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің келісімімен, «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаевтың бұйрығымен Баян Әлеудинқызы Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетіне бас редактор болып тағайындалса, бас редакторының орынбасары лауазымына Әлібек Жарықбаев тағайындалды. ​Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы қарымды қаламгерлеріміздің көп жылдық еңбегін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

​Актив жиынына «Сыр медиа» ЖШС-і бас директорының бірінші орынбасары Аралбаев Марат Жайылханұлы, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Шарабадинов Қуат Әбішұлы, облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Исаев Жәнібек Мырқыұлы арнайы келді.