
Жас пен кәріге, адамзаттың бәріне көмек қолын созатын, әр адамның жанына дауа, дертіне шипа болардай ем беретін ақ халатты абзал жандардың кәсіби төл мерекелері ауданымызда аталып өтті.
М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай "Мың алғыс саған, дәрігер!" атты салтанатты шара өтті. Шара барысында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы қызметкерлерді мерекелерімен құттықтай отырып, ізгі тілегін білдіріп, медициналық қызмет көрсету жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді "Алғыс хатымен" марапаттады.
Мерекелік іс–шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Аудан өнерпаздары арнайы келген қонақтарға керемет әндерін сыйлап, мерекелік көңілді одан әрі көркейтті.