ҚР мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл

ҚР мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына және 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері күні мерекесіне орай орталық алаңдағы Мемлекеттік Рәміздер аллеясында салтанатты шара өтті.

Шараға аудандағы барлық мемлекеттік мекеме, кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табыс етті.

Сонымен қатар, аудан жастарының ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына арналған мерекелік шеруі ұйымдастырылды.

Тәуелсіздігіміз баянды, егемендігіміз мәңгілік болғай!